New Place Cafe Counter | Nutella
New Place Cafe Counter | Nutella

NUTELLA® КАФЕСІ

Nutella® дәмінен рақат алатын жаңа орын

Егер АҚШ-та саяхаттап жатсаңыз, Nutella® кафесіне келіңіз! Мұнда біз Nutella® пастасын ұнататын бүкіл әлемнің түкпір-түкпірінен келген жандарды қуана қарсы аламыз!

Brioche mini Jar | Nutella

Nutella® кафесі несімен қызық?

Nutella® кафесінде дүние жүзіне әйгілі пастаны ұнататындар онымен кездесуден ұмытылмас әсер алады! Осынау теңдесі жоқ бірегей жерде бірегей Nutella® ахуалын сезініңіз. Кафенің сәнді ортасынан және дүние жүзіне әйгілі Nutella® жаңғақ пастасының өзі сияқты, жоғары сапалы ингредиенттерден дайындалған тіл үйірер тағамдарымыздан рақат алыңыз!

Cafe Experience Sweets | Nutella

Nutella®-мен нағыз рақатқа бөленіңіз!

Nutella® кафесінде өткізген ерекше сәттерден рақат алуыңыз үшін біздің ас мәзіріміз мұқият және ерекше ықыласпен жасалған. Біздің бірегей десерттеріміздің дәмін татыңыз! Ас мәзірінде қуырылып Nutella® қосылған багет, Nutella® салынған жаңа піскен круассан, йогурт, жидектер және Nutella® қосылған «Панцанелла» пирогы, бадам сүтіне піскен және Nutella® мен жидектер қосылған сұлы ботқасы, Nutella® негізіндегі балмұздақ, өте дәмді ыстық сусындар және басқа да шабыт сыйлайтын тағамдар бар.

Pancake and Waffle | Nutella

Әркім өзіне ұнайтын ерекше нәрсе табады

Nutella®-ны көптен бері ұнататындардан бастап, нағыз тамақ талғағыш жандарға дейін – жұмыстың алдында бір шыныаяқ кофе ішу Nutella® кафесіне келген немесе онда асықпай таңғы ас ішуге немесе жексенбілік бранчқа қалған әр адам өзіне айрықша бірдеңе табады. Nutella® кафесінде «Өзің жина» деген ерекше ас мәзірі бар: кез келген қонақ Nutella® қосылған өзінің бірегей тапсырысын бере алады.
Негіз ретінде вафли, құймақ, қалың құймақ пен француз тостын, сондай-ақ Nutella® пастасын, түрлі жемістерді және дәмі тіл үйірер басқа да топпинг түрлерін таңдауыңызға болады.

Cafe Chicago Entry | Nutella

Чикагодағы Nutella® кафесі

Ferrero компаниясы алғашқы Nutella® кафесін 2017 жылдың мамыр айында қаланың қақ ортасындағы әйгілі Мичиган-авенюде ашты. Оның есігін ашқан бойда нағыз Nutella® дәмін сезесіз. Заманауи өмір ырғағымен ерекшеленетін Чикаго қаласында Nutella®-ның бай тарихына еніңіз! Баруды жоспарлап жүрсіз бе? 

Көбірек біліңіз

Nutella® дәмінен бірегей әсер алғыңыз келе ме?
Бізге қонаққа келіңіз!

Жуықта көріскенше!

Ұнайды ма? Бөлісіңіз!