Our Heritage Story Pasticceria | Nutella
Our Heritage Story Pasticceria | Nutella

БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ

Nutella®: махаббат пен ынта туралы әңгіме

Nutella® фирмалық рецептісі мен мінсіз дәмінің тарихын білесіз бе?

The Pasticceria where Nutella was born | Nutella

Позитив — негізгі ингредиент

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін какао өте сирек кездесетін ингредиент болатын. Италияның Пьемонт қаласында туып-өскен Ферреро бұл мәселенің шешімін тауып, орман жаңғағына, қант пен аздаған мөлшерде какао қосып тәтті паста жасады. Бүгінігі Nutella®-ның «атасы» осылай дүниеге келген.

Nutella_History
Our Heritage Giandujot | Nutella
1946

The Giandujot

Алғашқы рецепт бойынша тәтті паста бөлке пішіндес етіп жасалды, оны кесіп алып нанға жағуға болатын және ол жергілікті карнавал кейіпкерінің атымен аталған еді.

NutellaHistory_02
SuperCrema Jar Poster | Nutella
1951

SuperCrema

Джандуйя жаңғақ пастасы "SuperCrema" деп аталған және нанға жағу оңайырақ болған крем тәрізді жаңа өнімге айналды

Nutella is Born | Nutella
1964

Nutella®-ның дүниеге келуі

Өнімнің рецептісі жақсартылды, осылайша тарихта алғаш рет какао қосылған жаңғақ пастасының тұңғыш құтысы жасалды, бүгінде оның Nutella® деген атауы еріксіз езу тартқызады.

Our Iconic Jar | Nutella
1965

Әйгілі құты

Nutella® өзінің әйгілі дизайнында Германияда шыққан.

Reaching France Jars | Nutella
1966

О-ла-ла!

Nutella® зор табыспен Франция нарығына кірді.

Reaching Australia Jar Flag | Nutella
1978

Шексіз табыс

Nutella® Сидней маңындағы Литгоу қаласында Еуропадан тыс алғашқы фабрикасын ашып Австралияға жетті.

30 Years in France | Nutella
1996

Франциядағы Nutella®: 30 жыл оптимизм

Парижде «Nutella® ұрпағы» атты көрме өтті, оған Nutella®-мен бірге өскен суретшілер өз жұмыстарын қойды. Олардың арасында Филипп Декуфле,
Пако Рабан және Жорж Волински сияқты тұлғалар болды.

NutellaHistory11
World Record Breakfast Nutella Event | Nutella
2005

Гиннестің рекордтар кітабы

29 мамырда Германияның Гельсекирхен қаласында Nutella®-мен «Құрлықтағы ең үлкен таңғы асқа» 27 854 адам жиналды.

2007

Дүниежүзілік Nutella® күні

2007 жылғы 5 ақпанда итальяндық-американдық блоггер Сара Россо Nutella® пастасын жақсы көретіндердің барлығын бірігуге үндеді. Сол кезден бастап жыл сайын Дүниежүзілік Nutella® күні атап өтіледі.

10 Million Friends Reached On Facebook  | Nutella
2011

Бөлісуге болатын махаббат

Nutella®-ға арналған жаһандық Facebook парақшасына жазылғандардың саны бір ғана жылдың ішінде 10 миллионға жетті.

2014

50 жыл жылы естелік

Nutella®-ның 50 жылдығын атап өту үшін nutellastories.com сайты құрылды, онда Nutella® өнімін ұнатушылар жаңғақ пастасына байланысты 76 400 хикая, естелік пен ерекше сәттерді жариялады. Айтулы мерейтой әлемнің 10 елінде өтті. Осынау ерекше мерекенің құрметіне Италияда тіпті естелік марка шығарылды!

30 Million Friends Reached on Facebook | Nutella
2015

30 миллион дос

Күн шыққан кезде Nutella® таңғы асқа отырған миллиондаған адамға және Facebook-тегі 30 миллион досына «Қайырлы таң!» деп жақсы тілек айтады!

First Cafe Opening Shop | Nutella
2017

Nutella® кафесі

31 мамырда Nutella® Чикаго қаласында өзінің тұңғыш мейрамханасын ашты. Бұл Nutella® пастасын жақсы көретіндердің барлығы үлкен мәзірден қалаған тағамын таңдай алатын ерекше орын. Мына жерден көбірек біліңіз: www.facebook.com/NutellaCafeNewYork

Biscuits is Born | Nutella
2019

The Nutella® печеньесі

Nutella & Go және Nutella® B-ready шығарыла бастағаннан кейін тәтті тағам желісі жаңа өнім - Nutella® печеньесінің есебінен тағы да кеңейе түсті. Бұл крем тәрізді Nutella® салмасы бар бірінші қытырлақ печенье. 2019 жылы өнім Франция мен Италияда табыспен шығарыла бастады!

2020
2020

Nutella® маффині

Үлпілдек нан мен крем тәрізді дәмді Nutella® салмасы қосылғанда, екі дәм тамаша үйлеседі. Алғаш рет Италияда шыққан бұл өнім қазір Еуропа, АҚШ және Парсы шығанағында бар. Nutella қосылған маффиннің тіл үйірер дәмін татып, рақат алыңыз!

2023
2023

Nutella® круассаны

2023

Шығарыла бастаған кезден бері ол еуропалық тұтынушыларды қытырлақ қатпарлы қамырымен және дәмді Nutella® салмасымен рақатқа бөлейді. Nutella салынған круассанның дәмін татыңыз.

2024
2024

60 жыл күлкі

Nutella®-ның шыққанына 60 жас толады, бұл күнді дүние жүзі ауқымында атап өту аясында біз күлімсіреудің күшін жан-жаққа таратамыз. #GiveANutellaSmile сыйлап, бізбен бірге тойлаңыз: көбірек күлімдесек, бүкіл әлем жадырайды.

Nutella® уақыттан тыс

Алғашқы күндерінен бастап Nutella® өшпес ынтасының және ингредиенттерінің сапасын бірінші орынға қоюының арқасында ілгерілеп жатыр. Сондықтан алда бізді тек жағымды сәттер күтіп тұрғанына күмәніміз жоқ!

Ұнайды ма? Бөлісіңіз!