Жидек, көпіршітілген кілегей және Nutella® қосылған үлпілдек құймақ
Ингредиенттер
-
1+1/4 стақан ұн
-
4 жұмыртқа
-
1 стақан сүт
-
1/2 стақан су
-
Бір шымшым тұз
-
Таңқурай, қаражидек/көкжидек, құлпынай (әр порцияға жидектің әр түрінен 1 қасық)
-
Майлылығы 36% 1 стақан кілегей
-
Nutella® (15 г/порция)
Бұл рецепт бойынша тағам дайындау үшін бір порцияға
15 г Nutella® жеткілікті.
ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ
-
Жұмыртқаның сарысын ағынан ажыратыңыз. Сарысын сүтпен және сумен араластырыңыз, содан кейін ұн қосып, араластырыңыз. Бөлек ыдыста жұмыртқаның ағын аздап тұз қосып қоюланғанша шайқаңыз. Жұмыртқаның сарысы, су және сүт қоспасына ақуызды порциямен қосып, араластырыңыз.
-
Құймақты екі жағынан қызарып қуырыңыз.
-
Кілегейді қоюланғанша шайқаңыз. Ол үшін кілегей жақсы салқындатып алу керек.
-
Әрбір құймаққа Nutella® пастасын жағып, үшбұрыш етіп бүктеңіз. Тәрелкеге салып, жидек себіңіз де, үстіне шайқалған кілегей құйыңыз.
Өзіңіз дайындаған тағамның фотосуретін #NutellaРецептілері хештегімен Instagram немесе Vkontakte желісінде бөлісіңіз. Жақындарыңызбен бірге Nutella® қосылған рецепт бойынша әзірленген тағамнан рақат алыңыз.
