Өзіңіздің босаған Nutella® құтыңызға екінші өмір сыйлаңыз
Өзіңіздегі босаған Nutella® құтыларына арналған идеяларды табыңыз®
Босаған Nutella® құтысынан қалам ұстағыш, балауызшам, гүл салатын ваза және тіпті жинақ сандықша жасауға болады! Сізге керегі – сіздің жасампаздығыңыз және біздің сабақ қана. Біздің қайта пайдалану жөніндегі ойларымыздан шабыт алыңыз. Өз қолыңызбен бірегей бұйым жасау арқылы әйгілі Nutella® құтысын ерекше нәрсеге айналдырыңыз! Сіздің қиялыңыз құтыларға екінші өмір сыйлайды.
Әрбір заттың екінші өмірі болуы мүмкін!
Апсайклинг – бұл қайта пайдалану өнері. Nutella® қашанда қоршаған ортаға, әсіресе қайта өңдеуге болатын шыныдан жасалған өзінің құтыларына ұқыппен қарайды. Бұл жай ғана сәнге айналған тренд емес, одан әлдеқайда үлкен нәрсе, бұл кез келген іс-шараға арнап үйді безендірудің немесе тіпті ерекше жанға сыйға тарту үшін көптеген DIY (Do It Yourself) немесе "өзің жаса" деген идеяны іс жүзіне асыру мүмкіндігі. Nutella® пастасының келесі құтысын қайта пайдаланып, оған екінші өмір сыйлаңыз. Сонда оның мағынасы ыдыстың ішіндегісін жай ғана тұтынумен шектелмей, аясы кеңейе түседі.
Сіздің құтыңыз (қайтадан!) жұлдызға айналады.
Ең керемет идеяны таңдамас бұрын, құтыны дайындаңыз. Алдымен оны жуып, Nutella® пастасының іздерінің қалмағанына көз жеткізіңіз. Заттаңбасын алып тастау үшін құтыны жылы, сабын су құйылған ыдысқа салып, бір сағатқа жібітіп қойыңыз. Заттаңбасы оңай кетуі керек, ал қалған желімді кетіру үшін губканы пайдалансаңыз болады.
Құты біреу, идея мен нұсқау көп.
Nutella® DIY идеяларыңызды іс жүзіне асырудың көптеген оңай және қызықты нұсқауларын әзірледі. Әрбір оқиғаны ерекше етіп, Жаңа жыл, Пасха, әр түрлі кеш пен туған күнде қонақтарыңызды таңдандыру үшін оларды орындаңыз. Немесе өзіңіздегі құтыны үйіңіздің ерекше және қызықты әшекейіне, мысалы, өсімдік құмырасына немесе шамшыраққа айналдырыңыз... идея шексіз көп! Олардың барлығымен танысып, жаңа бұйым жасаудан, бояудан және дараландырудан рақат алыңыз!