Косметика салуға арналған Nutella® құтысы
Макияж жасауды ұнатасыз ба? Қылқаламдар мен косметика салуға арналған бірегей құтыны өзіңіз жасаңыз. Сізге босаған Nutella® құтысы, біздің қарапайым кеңестеріміз және оны өз қалауыңызша безендіру үшін кішкене шығармашылық қана керек болады. Nutella® көмегімен бьюти күтіміне бірегей сипат қосыңыз.
СІЗГЕ КЕРЕК БОЛАТЫНЫ
-
1 бос Nutella® құтысы
-
Қылқалам
-
Ақ бояуы бар баллон
-
Ыстық желім пистолеті
-
Қиып алуға болатын өрнегі бар майлықтар немесе кез келген басқа әшекей
-
Декупаж желімі / Modpodge
-
Қайшы
-
150 см жіңішке арқан
ЖАСАУ ТӘСІЛІ
-
STEP 1Құтыны ақырын ақ түске бояңыз. Өрнекті майлықтың үстіңгі қабатын ажыратып алып, оны ұқыпты қиып алыңыз. Көптеген майлықтың 3 қабаты бар.
Кеңес: Бояу алдында жұмыс бетін жабуды ұмытпаңыз. Бояу ағып кетпес үшін жұқалап екі қабатпен бояңыз. -
STEP 2Қиып алынған өрнекті кепкен құтыға жапсырып, қылқаламның көмегімен үстіне декупаж желімін жағыңыз.
Кеңес: желімді ортасынан шетіне қарай бағыттап, қылқаламмен мұқият жағыңыз (өрнекті жыртып алмау үшін).
Маңызды: Бірінші қабат кепкеннен кейін өрнекке екінші қабатты жағыңыз. -
STEP 3Енді желім пистолетін пайдаланып, жңішке арқанды құтының мойнына бекітіңіз. Асықпай жұмыс істеңіз, әр қабатты мұқият бекітіңіз. Барлығы дайын!
