Nutella® құтысынан жасалған жинақ сандықша
Ақша жинау бұрын-соңды соншалықты көңілді болған емес! Осы қарапайым және креативті идеяны іске асыру үшін қадамдық нұсқауды орындап, жинақ сандықшасын өз қалауыңызша безендіріңіз. Мысалы, егер сіз футбол жанкүйері болсаңыз, жинақ сандықшасын сүйікті командаңыздың жапсырмаларымен сәндеңіз.
СІЗГЕ КЕРЕК БОЛАТЫНЫ
-
Қақпағы бар 1 бос Nutella® құтысы
-
Жасыл бояуы бар баллон
-
Футбол тақырыбындағы жапсырма
-
Кеңсе пышағы/ қолөнер пышағы
-
Ақ бояу немесе бор қалам
ЖАСАУ ТӘСІЛІ
-
STEP 1Құтыны мұқият жасыл түске бояп, кептіріп қойыңыз. Қажет болса, екі қабаттап бояуға болады.
Кеңес: Бояу быр баллондағы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз, өйткені шыныға жаққан кезде түсіне байланысты бояудың нәтижесі әр түрлі болуы мүмкін. -
STEP 2Кеңсе пышағын немесе қолөнер пышағын пайдаланып, қақпақта тілік (сандықшаға ақшаны салуға арналған тесік) жасаңыз. Тіліктің ұзындығы 3-4 см және ені бір-екі миллиметр болуы керек. Осыдан кейін қақпақты құтыға бұрап бекітуге болады.
-
STEP 3Құтының бетіне футбол алаңының суретін салып, оны футбол тақырыбындағы жапсырмалармен сәндеңіз.
Барлығы дайын!
