Біздің сапа мен ингредиенттеріміз

Nutella® неге
сонша дәмді?

Nutella® фирмалық рецептісін тамаша ететін нәрсе — дәмі тіл үйірер тағамнан рақат алуыңыз үшін біз күн сайын өндірістің әрбір кезеңінде өнімді қамқорлықпен және махаббатпен жасаймыз.

Тек қана сапалы 7 ингредиент

Біздің бірегей Nutella® рецептісі бүкіл әлемде бірдей. Оның құрамындағы мұқият іріктелген сапалы жеті ингредиенттің арқасында ол ерекше крем тәрізді және дәмі қанық. 

Олардың әрқайсысы туралы білейік.

Орман жаңғағы
Орман жаңғағы
Какао
Какао
Пальма майы
Пальма майы
Қант
Қант
Сүт
Сүт
Лецитин
Лецитин
Ванилин
Ванилин
Quality Bread and Jar | Nutella

Біз 60 жылдан астам уақыт сапаға ерекше көңіл бөлеміз

Сіз үшін сапа қаншалықты маңызды болса, біз үшін де ерекше маңызды! Сондықтан біз Nutella® өндірілетін әрбір фабрикада жоғары сапа стандарттарына кепілдік береміз.

Verification Program Jar SGS Logo | Nutella

Тәуелсіз сараптама бағдарламасы

Бұл сапа стандарттарын тәуелсіз сараптама, бақылау, сынақ және сертификаттау саласында қызмет көрсетудің көшбасшысы саналатын SGS халықаралық компаниясы да растады. Тәуелсіз ұйым болып табылатын SGS біздің Nutella® жаңғақ пастамыздың барлық ингредиенттері, сондай-ақ өнімнің өзі
«Біздің Сапа» стандартын растау бағдарламасының талаптарына толық сәйкес келетінін растайды.
Біздің бірегей Nutella® рецептісінің құрамында сапалы жеті ингредиент бар және құрамында консервант, бояғыш немесе сутектендірілген май жоқ. Бұл сапаға қатысты ішкі саясатымызбен қамтамасыз етілген, сондай-ақ мұны SGS растайды.

SGS стандарттарын растау бағдарламасы
қалай жұмыс істейді?

SGS сапа стандарттарын 4 бағытта тәуелсіз растайды:

Quality Standards Definition | Nutella


САПА
СТАНДАРТТАРЫН
АНЫҚТАУ

Бұл кезеңде SGS және Ferrero бақылау бағдарламасын әзірлеу үшін сапа стандарттарын белгілейтін нормативтік құжаттарды анықтайды

Quality Audit | Nutella



АУДИТ

SGS аудиторлары Ferrero Орталық офисінде де, Nutella® жаңғақ пастасы өндірілетін барлық фабрикаларда да жыл сайынғы тексеріс жүргізеді. Бұл аудиттер – жоспарлы, сондай-ақ жоспардан тыс аудит те Ferrero стандарттары бойынша өндірістің әрбір кезеңі үшін белгіленген және бастапқы шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі бүкіл жеткізу тізбегін қамтитын бақылау жоспарының орындалуын растайды.

Quality Testing | Nutella



ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ СЫНАҚ

Аудит іс-шараларынан басқа, SGS компаниясы тәуелсіз зертханаларда жүйелі түрде зерттеулер жүргізеді. Бұл жекелеген ингредиенттерге де, үлгілері Nutella® жаңғақ пастасын өндіретін барлық фабрикалардан алынған дайын өнімдерге де қатысты

Market Monitoring | Nutella


НАРЫҚ
МОНИТОРИНГІ

Және ақырында SGS лабораториялық зерттеу және заттаңбадағы ақпаратты тексеру үшін сату орындарында Nutella® өнімдерінің үлгілерін жүйелі түрде іріктеп алады.

SGS туралы көбірек білу

SGS компаниясы 1878 жылы құрылған және 1919 жылы Женевада Société Générale de Surveillance деген атаумен тіркелген. Бүгінгі таңда компанияда офистер мен сынақ зертханаларының халықаралық желісі бар және ол сапа мен іскерлік этиканың жаһандық эталоны ретінде мойындалған.

Discover Sustainability | Nutella
Sustainability | Nutella

Тұрақты даму жөніндегі біздің
міндеттемелеріміз туралы көбірек білу

Ұнайды ма? Бөлісіңіз!