Palm Oil Fruitsground | Nutella
Palm Oil | Nutella

Ингредиенттер

Nutella® құрамындағы
пальма майы

Nutella® құрамындағы пальма майын өндірудің бүкіл процесі қамқорлықпен мұқият бақыланады, сондықтан ол барлық басқа сапалы өсімдік майлары сияқты қауіпсіз.

Palm Fruits Farmerground | Nutella

Пальма ағашының жемістері

Пальма майы әр түрлі экваторлық аймақта кездесетін Elaeis Guineensis майлы пальма ағашы жемісінің жұмсағынан алынады. Бұл ағаштың жемісі салмағы 10-40 кг, үлкен дөңгелек шоқ түрінде өседі. Бір түйірінің өлшемі зәйтүн сияқты қызғылт түсті бұл тропикалық жеміс пальма майына бай (жеміс жұмсағының шамамен 45–65%). Біздің пальма майы осы жеміс жұмсағын сығу жолымен ғана өндіріледі.

Біздің пальма майының шыққан жері туралы көбірек ақпаратты осы жерден біліңіз.

Сіз білдіңіз бе?

Пальма майын адамдар мыңдаған жылдар бойы, негізінен, үйде тамақ дайындау үшін пайдаланған.

Пальма майы – мол шығымды өнім. Басқа өсімдік майларына қарағанда ол әр гектардан әлдеқайда көп жеміс береді. Бұл балама майдың бірдей мөлшерін өндіру үшін әлдеқайда көп жерді пайдалану қажет болады деген сөз.

Palm Oil Trees | Nutella

Жоғары сапалы өсімдік майы

Nutella® жасау үшін біз пальма ағашының жемісін суық күйде сығу арқылы алынатын пальма майын пайдаланамыз. Ол қатаң бақыланатын температурада өңделеді, осы орайда процестің негізгі және түпкі бөлігі тікелей біздің өндірісте жүзеге асырылады.

Palm Oilled with Care | Nutella

Қамқорлықпен және сараптама жасай отырып өңдеу

Біздің пальма майын өңдеуде мол тәжірибеміз бар және мұны сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған озық технологиялардың арқасында ерекше мұқият жасаймыз. 
Жемісі жиналғаннан кейін біз жеткізушілеріміз жүзеге асыратын сығу процесі мүмкіндігінше жылдам орындалатынына кепілдік береміз. 
Өңдеу және тазарту кезеңдері, шикізаттың табиғи қасиеттерін жақсырақ сақтау үшін тіпті көбірек уақыт кетсе де, белгілі бір температурада жүзеге асырылады. 
Май біздің фабрикаларға келгенде, көп жағдайда оны қатаң сапа бақылауынан кейін өзіміз өңдейміз, содан кейін бірден Nutella® жасау үшін пайдаланамыз.

 

Sustainable Palm Oil RSPO Logo | Nutella

100% тұрақты және сертификатталған пальма майы

Nutella® жасау үшін RSPO 100% тұрақты деп сертификаттаған экологиялық қауіпсіз пальма майын пайдаланамыз. Бұл жеткізу тізбегінің барлық кезеңінде оның кәдімгі пальма майынан бөлек сақталатынын білдіреді. Мұндай жоғары сертификаттау деңгейі жеткізілім тізбектерінің плантациядан біздің фабрикаларға дейін ашық екендігін растайды, сонымен қатар бұл — әлемдегі ең қатаң көрсеткіштердің бірі.

Біздің міндеттемелеріміз туралы осы жерден толығырақ біліңіз.

Nutella® құрамындағы пальма майы туралы қызықты деректер

Nutella® пастасының текстурасын тегіс, крем тәрізді ететін — пальма майы. Иіссіз және дәмі бейтарап ол Nutella® құрамындағы басқа компоненттердің дәмі мен хош иісін күшейте түседі.

 

Palm Oil Gives our Recipe | Nutella

Факт 1

Ол біздің рецептіміз бойынша пастаның крем тәрізді текстурасын қамтамасыз етеді.

Пальма майы ұзақ уақыт біртекті болып қалатын Nutella® пастасының крем тәрізді текстурасын қамтамасыз етеді. Оның ерекше текстурасы бөлме температурасында пальма майы басқа маймен салыстырғанда жартылай қатты күйде қалатынына байланысты.

Пастаның крем тәрізді текстурасына кепілдік береді
Spreadable Cream Bread Plate | Nutella
No Need to Hydrogenation Process | Nutella

Факт 2

Ол сутектендіру процесінен өтпейді

Біздің паста құрамында пальма майын пайдалануымыздың себебі, ол бөлме температурасында паста тәрізді болады. Оның бұл қасиеті зиянды трансмайдың пайда болуына әкелетін сутектендіруден аулақ болуымызға мүмкіндік береді.

Денсаулыққа деген қамқорлықпен өндіріледі
Palm Oil Fruit Quality | Nutella
Palm Oil Fruits Trees Farmer | Nutella

Пальма майының жеткізілім тібегі

Ferrero компаниясы пальма майын жеткізудің экологиялық қауіпсіз тізбегін қамтамасыз етуге ұмтылады және оның өндіріс процесін өзгертуде көш бастап отыр. 2005 жылдан бастап Ferrero компаниясы RSPO (Экологиялық қауіпсіз пальма майы бойынша дөңгелек үстел) мүшесі, ал 2013 жылы ол өзінің Пальма майы жөніндегі хартиясын әзірледі.

 

Discover Sustainability | Nutella
Sustainability | Nutella

Nutella® пальма майының жеткізілім
жүйесі туралы көбірек біліңіз

Ұнайды ма? Бөлісіңіз!