ПАЛЬМА МАЙЫ
Біз пайдаланатын пальма майы 100% RSPO сертификаттауынан өткен және орманды кесуге себеп болған жоқ.
Біз пальма майын жеткізу тізбегі экологиялық проблемаға, әсіресе орманды кесу мүмкіндігіне тап болатынын білеміз. Сондықтан Ferrero пальма майы секторының экологиялық трансформациясын қамтамасыз етуде көшбасшы болуға ұмтылады және сегрегацияланған пальма майын жеткізу тізбегіне RSPO толық сертификаттауына қол жеткізген алғашқы жаһандық компаниялардың бірі болды.
Біз пайдаланатын пальма майы туралы көбірек біліңіз
100% тұрақты
пальма майы
Nutella® құрамындағы пальма майы 100% тұрақты: оның фабрикаға барар жолын оңай қадағалауға болады. Ол негізінен Малайзиядан (жалпы көлемнің шамамен 80%), одан кейін Индонезиядан келеді.
Тұрақты пальма майын өндіргісі және сертификат алғысы келетін компаниялар: Certified Sustainable Palm Oil — CSPO, RSPO әзірлеген экологиялық және әлеуметтік өлшемшарттарға сәйкес келуі керек. Олар пальма майын алудың орнықты әдістерінің сақталуын қамтамасыз етеді
Nutella® құрамындағы пальма майы сынақтан өткен сегрегацияланған жеткізілім тізбегінен келеді. Ол әр түрлі сертификатталған плантациялардан алынады және бүкіл жол бойы кәдімгі пальма майынан бөлек сақталады. Осы жүйенің арқасында біздің пальма майының қай елден шыққанын тіпті фабрикасына дейін 100% анықтауға болады: бұл оның орманды кесетін плантациялардан келмеуіне кепілдік береді.
RSPO 7 қағидасы
RSPO сертификатын алу үшін пальма майын өндірушілер мына жеті қағиданы ұстануы керек (RSPO 2018 жылғы Қағидалары мен өлшемшарттары):
1-қағида: Жұмысты әдепті және ашық жүргізу
2-қағида: Заңды түрде әрекет ету және құқықты құрметтеу
3-қағида: Өнімділікті, тиімділікті, оң әсерді және тұрақтылықты оңтайландыру
4-қағида: Қоғамдастықтарды, адам құқықтарын қүрметтеу және пайда әкелу
5-қағида: Шағын фермерліктерді қолдау
6-қағида: Жұмыскерлердің құқықтары мен тұрмыс жағдайын құрметтеу
7-қағида: Экожүйелерді және қоршаған ортаны қорғау, сақтау және жақсарту. Бұл қағида шеңберінде жаңа екпелер орманды кесуге әкелмеуі және ТҚЖ (табиғат қорғау құндылығы жоғары) қандай да бір аумақты алмастырмауы керек. ТҚЖ аумақ – бұл маңызды биологиялық, экологиялық, әлеуметтік немесе мәдени құндылығы бар аумақтар.
Көбірек білу үшін үшін осы жерге өтіңіз.
Сертификаттау шеңберінен тыс
RSPO сертификаттауы шеңберінен тыс міндеттемелерімізді күшейту үшін біз Пальма майы жөніндегі хартияны әзірледік. Жеткізушілермен белсенді түрде жұмыс жүргізу пальма майы индустриясын құруға мүмкіндік береді, өз кезегінде ол қоршаған ортаны қорғауға және адамдарға қамқорлық жасауға оң үлес қосады. Бұдан бөлек, жеткізілім тізбектерінің ашықтығын арттыру үшін біз май пальмасының жемісін алатын фабрикалар мен плантацияларда өнімді қадағалау туралы деректерді әр 6 ай сайын жариялап отырамыз. Соңғы нұсқасын осы жерден таба аласыз.
Ferrero компаниясы сонымен қатар POIG (Пальма майын өндіру саласындағы инновациялық топ) мүшесі болып табылады, оның құрамына пальма майы индустриясын жетілдіруге қатысатын фермерлер, пальма майын өндірушілер және ҮЕҰ кіреді. Көбірек білу үшін мына жерді басыңыз.
Сіз білдіңіз бе?
Ferrero компаниясының пальма майынан сертификатталмаған пальма майына қарағанда парниктік газ шығарындысы 56%* аз. Бұл ISO 14044 стандартына толық сәйкес келетін, 2019 жылы жүргізілген зерттеудің нәтижесі. Оның мақсаты біздің пальма майын өндірудің қоршаған ортаға әсерінің деңгейін анықтау болған.
* Тазартылған, түссіздендірілген және дезодорацияланған пальма майының бір кг шаққанда.
Жер пайдалануды спутниктік желі арқылы бақылау
Ормандарды кесуге жол бермеу жолында күш-жігерімізді арттыру үшін біз Starling инновациялық технологиясы сияқты құралдарды пайдаланамыз. Ол орманның қауіпсіздігіне кепілдік беру үшін пальма майын жеткізудің бүкіл тізбегін нақты уақытта дерлік бақылауға мүмкіндік береді. Ажыратымдылығы жоғары радиолокациялық түсірілімдер мен оптикалық спутниктік кескіндердің үйлесімін пайдаланатын бұл жүйенің арқасында жердің қалай пайдаланылып жатқанын 1,5 метрге дейінгі ауқымда егжей-тегжейлі тіркеп, орманның кесілу ықтималдығын анықтай аламыз. Бұл жағдайда біз тергеп-тексеру жүргізіп, тиісті шара қолдана аламыз.
Starling картасында пальма плантациялары, табиғи ормандар және басқа аумақтар белгіленіп көрсетілген. Ал енді бұл бейнематериалдан бәрі іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін білейік!
Біздің үлесімізді WWF мойындады
Біздің күш-жігерімізді WWF сияқты беделді қоғамдық ұйым мойындады. Жаһандық компаниялар өндіретін пальма майының экологиялық қауіпсіздігін бағалайтын пальма майын сатып алушылардың 2021 жылғы рейтингінде 24 деген бағадан 21,7 көрсеткішіне ие болған Ferrero компаниясы 227 халықаралық компанияның ішінде 2-ші орында және пальма майын барлық өндірушінің арасында бірінші орында тұр. Ferrero компаниясы әлемдік пальма майы индустриясының экологиялығын арттыруға бағытталған күш-жігері үшін ерекше құрметке ие болды. Экологиялық тұрақты май өндіру саласындағы күш-жігеріміздің осынау маңызды мойындалуы – сапарымызды жалғастыруға ынталандырады.