Sustainable Cane Sugar farm | Nutella

БІЗДІҢ ҚАНТ

Біз тазартылған құрақ қантының барлығын сертификатталған, экологиялық таза көздерден ғана сатып алуға ұмтыламыз.

Осы мақсатқа тиімді және мүмкіндігінше тез жету үшін Ferrero компаниясы сертификаттау процесінің көмегімен қант құрағын қауіпсіз және тұрақты өсіруді ілгерілетумен айналысатын  Bonsucro Limited жаһандық желілік ұйымына мүше болды.

Cane Sugar farm | Nutella

Қызылша мен
құрақ қантын жеткізушілер

Орташа есеппен алғанда, біз дүние жүзі бойынша 80% қызылша қантын  және 20% құрақ қантын  сатып аламыз. Қызылшаны негізінен Еуропадағы жергілікті өндірушілерден, ал құрақ қантын негізінен Бразилия, Үндістан, Мексика және Австралиядан сатып аламыз.

Nutella Map
Cane Sugar Farm Plants | Nutella

Қант құрағын жеткізудің тұрақты тізбегін орнату үшін құрылған әріптестік

2010 жылдан бастап біз бүкіл әлем бойынша қант құрағын тұрақты өндіруді, өңдеуді және сатуды ілгерілететін Bonsucro жаһандық ұйымының мүшесіміз. Bonsucro жеткізілім тізбегінің әр кезеңінде 40-тан астам елдегі 500 мүшеден тұратын қоғамдастыққа, соның ішінде фермер, диірменші, сатушы, сатып алушы және көмекші ұйымдарға қолдау көрсетеді.

Bon Sucro Logo | Nutella

Bonsucro қант құрағы өндірісінің гүлденген, тұрақты өндірушілер қоғамдастықтарын, сондай-ақ сенімді жеткізілім тізбектерін қамтитын саласын құру бағатында жұмыс істейді. Bonsucro миссиясы — қант құрағын жауапты өндірудің оған қатысатын адамдар, қоғамдастықтар, кәсіпорындар, экономикалар мен экожүйелер үшін құндылығы мен маңызы бар екеніне кепілдік беру. 2014 жылы Ferrero компаниялар тобы қант құрағын өндірудің сенімді индустриясын дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғашқы болып Bonsucro ұйымының Leadership Award сыйлығын алды. Көбірек білу үшін мына жерді басыңыз.

Altromercato Logo | Nutella

Bonsucro ұйымымен ынтымақтастықтан басқа, Ferrero компаниясы Маврикийдегі Ctm Altromercato компаниясымен бірге 2016-2020 жылдарға арналған бес жылдық «Тұрақты даму бағдарламасын» іске қосты. Бағдарламаның жалпы мақсаты — Маврикийдегі қант құрағын өндіруші шағын кәсіпорындардың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына ықпал ету. Атап өтетіні, бұл қызмет Маврикий қант синдикатымен қолданыстағы коммерциялық серіктестік шеңберінен шығады.

Ұнайды ма? Бөлісіңіз!