Our Sustainability Vision | Nutella

Тұрақты даму жөніндегі біздің міндеттемелеріміз

БІЗДІҢ КӨЗҚАРАСЫМЫЗ

Nutella® жасау кезінде біз ең сапалы ингредиенттерді іріктеу кезінде тұрақты даму бойынша міндеттемелерімізді қатаң сақтаймыз – бұл біздің өміріміздің үлкен бөлігі.

Көбірек біліңіз.

Тұрақты даму жөніндегі біздің міндеттемелеріміз

Орман жаңғағы
Орман жаңғағы
Какао
Какао
Пальма майы
Пальма майы
Қант
Қант
Let's talk about sustainability | Nutella

Тұрақты даму жөнінде әңгімелесейік

Біз әр кезеңде шикізатты жеткізуге жауапкершілікпен қарауды үнемі жетілдіруге, фермерлер мен олардың қоғамдастықтарының тұрмыс жағдайын жақсартуға, сондай-ақ табиғи ресурстарды қорғау тәжірибесін ынталандыруға ұмтыламыз. Біз бұл миссияны күн сайын іс жүзіне асыру үшін әртүрлі серіктестермен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа мекемелермен ынтымақтастық жасаймыз. Біздің сапалы ингредиенттерді таңдауымыз әлеуметтік, сол сияқты экологиялық міндеттемелерімізге сәйкес іске асады.

Адамдарға және планетаға деген қамқорлықпен

Nutella® пастасының құрамындағы сапалы ингредиенттер — біздің жеткізу тізбегімізге әрбір қатысушының күнделікті күш-жігерінің нәтижесі. Ferrero компаниясында тұтынушыға назар аудару — бос сөз емес, бұл кез келген коммерциялық пайдадан күштірек жауапкершілікке негізделген біздің күнделікті жұмысымыз. Бұл жауапкершілік әсіресе өнімдеріміздің сапасы мен балғындығынан, өндірілетін тағамның қауіпсіздігінен, ашық коммуникациядан, сондай-ақ үнемі енгізілетін инновациядан ерекше көрінеді. Ferrero компаниясының негізгі қағидасы — адамның қосқан үлесін мойындау және адамның қадір-қасиетін қорғау. Сонымен қатар, адамның құқықтарын құрметтеу және қызметкерлерге қолдау көрсету біздің отбасылық ісіміздің негізгі құндылықтары мен қағидаларына терең тамыр жайған. Бұл жауапты бизнес жүргізудің және біз өзара әрекеттесетін қоғамдастықтарда құндылық жасаудың іргетасы.

Caring about Plants | Nutella

Біз қоршаған ортаға әсерімізді барынша азайтып, оны сақтауға ұмтыламыз. Біз мұны, мысалы, F-ACTS (Agricultural Commitment to Sustainability – «Ауыл шаруашылығын жүргізудің тұрақты әдістерінен айнымастық») өлшемшарты арқылы жасаймыз.
Осы құрылым шеңберінде Ferrero компаниясы FFV (Ferrero Farming Values — «Ауыл шаруашылығы саласындағы Ferrero міндеттемелері») жобасын — біздің негізгі шикізатымызды өсірумен байланысты ауылшаруашылық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді шешуде жергілікті халықты қолдау бағдарламасын іске қосты. Бұл бағдарлама арнайы жобалар мен байланыстарды, стандарттарды әзірлеу мен сертификаттауды, сондай-ақ институционалдық және ұжымдық міндеттемелерді қамтиды. 
Біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз туралы көбірек білу үшін Ferrero компаниясының тұрақты даму туралы соңғы есебін осы жерден оқыңыз.

Тұрақты тамақтану: басты жаһандық басымдық

The Sustainable Nutrition Scientific Board (SNSB) тұрақты тамақтану қағидасын зерттейді. Бұл тұжырымдаманы зерттеудің маңыздылығы тұрақты рационы ресурстардың шектеулілігі мәселесінің шешімі болуы мүмкін екендігіне байланысты. 2050 жылға қарай планетаның ресурстары сарқылып, адамзаттың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жетпей қалуы мүмкін деген ықтималдық бар.

Sustainable Nutrition Scientific Board

Болжам бойынша, 2050 жылға қарай адамзаттың саны шамамен 10 млрд адам болады, ал азық-түлік өнімдерін тым көп өндіру және тұтынудың салдарынан қазірдің өзінде планета ресурстарын сәйкес келетін азық-түлікті жеткілікті көлемде қамтамасыз ету үшін жаңашыл зерттеу тәсілдемелері қажет. Жаңа тәсілдемелер бүкіл әлемнің өмірі үшін аса маңызды негізгі экожүйелерді сақтай отырып, денсаулық сақтау мен тамақтануға қатысты оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан Nutella 2050 жылға қарай адамзаттың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ресурстардың тапшылығы проблемасының шеші болуы мүмкін тұрақты тамақтану тәсілдемесінің маңыздылығын тәуелсіз зерттеу және талқылау үшін жиналған атақты халықаралық сарапшылар тобы – SNSB құрды және оған қолдау көрсетеді.

SNSB туралы көбірек білу

Бұл тұжырымдама табиғи және қоғамдық ресурстарды шектен тыс тұтынуды шектей отырып, халықтың денсаулығын сақтау үшін қажетті негізгі қоректік заттардың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету мүмкіндігін зерттейді. SNSB әртүрлі, бірақ бірін-бірі өзара толықтыратын пәндер (мысалы, қоршаған орта, тамақтану, денсаулық, тағамдық ортаны зерттеу, сондай-ақ эпидемиология және таматан шыққан аурулар туралы ғылым) бойынша жетекші халықаралық ғылыми сарапшылардан тұрады. Бұл тәуелсіз, тұтас және ғылыми негізделген көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. SNSB тобының кез келген мүшесі ғылыми зерттеудің тақырыбын, сондай-ақ осы зерттеуді қолдауға қажетті кез келген серіктесті ұсына алады. SNSB тұрақты тамақтану саласындағы пәрменді идеяларды, сонда-ақ ресурстардың шектеулілігі жаһандық проблемасын шешу жолдарын және біздің болашағымыз және планетамыздың болашағын анықтайтын адамзаттың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігін зерттейді. Жоба туралы мына жерден көбірек біліңіз: sustainablenutrition-sb.com

Біздің сапа мен ингредиенттеріміз туралы көбірек біліңіз

Ұнайды ма? Бөлісіңіз!