FAQ
Nutella® сұрақтарыңызға жауап
береді
Сізде Nutella® туралы сұрақ бар ма?
Ендеше сіз дұрыс жердесіз!
Nutella® пальма майы
Nutella® құрамындағы пальма майы пастаның керекті консистенциясы мен құрылымын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа ингредиенттердің дәмін бұзбау үшін пайдаланылады. Бірақ ең бастысы, ол сутектендірілмейді, яғни онда ғылым мен билік денсаулыққа өте зиян деп таныған транс-майлар түзілмейді. Біздің өнімнің дұрыс консистенциясын қамтамасыз ету үшін басқа майларды осы процестен өткізу қажет болатын еді.
Еуропаның Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінің (EFSA) жақында шыққан ақпараты бойынша, термиялық өңдеудің нәтижесінде пайда болатын кейбір зиянды заттар (2MCPD, 3MCPD, GE) көптеген тамақ өнімінде бар және тағамды өңдеу кезінде жоғары температураға ұшырайтын өсімдік майларында олардың мөлшері көп. Бұл зиянды заттар көп жағдайда май 200°С жоғары температураға жеткенде түзіледі. EFSA бұл саланың төмен температуралардың есебінен аталмыш процестерді оңтайландыруды бастағанын және оның нәтижесі зор үміт күтерлік екенін, бірақ одан да көп нәрсеге қол жеткізуге үміттенетінін мойындады. Демек, бұл майлардың контаминант деңгейі нарықта бар стандартты түрлеріне қарағанда айтарлықтай төмен. Бұл EFSA белгілеген параметрлерге толығымен сәйкес келетін, контаминант деңгейі ең төмен өнімдерді жасауға мүмкіндік береді.
Иә, Nutella® — толығымен қауіпсіз өнім. Тұтынушылардың денсаулығы мен амандығы — Ferrero үшін ең маңызды басымдық.
Жоқ. Nutella® құрамындағы өсімдік майы — бұл пальма майы, ол май пальмасының жемістерінен табиғи түрде алынатын және пастаның консистенциясын крем тәрізді етеді. Сондықтан майды ғалымдар қоғамдастығы да, билік те денсаулыққа зиян деп таныған транс майлардың түзілуіне әкелетін сутектендіру процесіне ұшыратудың еш қажеті жоқ.
Жоқ. Nutella® құрамындағы өсімдік майы — бұл пальма майы, ол май пальмасының жемістерінен табиғи түрде алынатын және пастаның консистенциясын крем тәрізді етеді. Сондықтан майды ғалымдар қоғамдастығы да, билік те денсаулыққа зиян деп таныған транс майлардың түзілуіне әкелетін сутектендіру процесіне ұшыратудың еш қажеті жоқ.
Кейбір пікірлерге қарамастан, пальма майы адамның денсаулығына зиян деп айтуға болмайды. Ferrero компаниясы қашанда өнімнің өзінің де, оның шикізатының да сапасына үлкен көңіл бөледі. Біздің пальма майын пайдаланауымыздың себебі, ол табиғи және оның текстурасы кондитерлік өнімдер мен тәтті паста жасау үшін тамаша, сондықтан сутектендірілген майларды пайдаланудың еш керегі жоқ. Мыңдаған жыл бойы адам баласы тағам дайындау үшін пальма майын пайдаланған. Көптеген ғылыми зерттеу теңдестірілген тамақтану кезінде пальма майының дене метаболизміне әсері ең төмен екенін растайды.
Ferrero компаниясы өзінің «Пальма майы туралы хартиясында» тұрақты пальма майына қатысты өзінің міндеттемелерін күшейту міндеттемелерін айқындады. Бұл құжат ормандардың жойылуының негізгі себептерін тамырымен жоюға, сондай-ақ, бір жағынан, экологиялық және әлеуметтік мәселелердің және, екінші жағынан, пайдалылықтың арасында теңгерім жасауға бағытталған қағидалар жинағынан тұрады. Ferrero компаниясы Хартияда белгілеген 10 мақсатты төмендегідей қорытындылауға болады:
- Жеткізілім тізбегін қадағалау
- Жоғары көміртекті ормандарды сақтау
- Жерді тазарту үшін отты пайдалануға тыйым салу
- Шымтезек аймақтарында егін егуге тыйым салу
- Жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
- Парниктік газ шығарындысына мониторинг жасау
- Адам құқықтарының, соның ішінде Ерікті, алдын ала және саналы келісім (FPIC – Free Prior Informed Consent) қағидасының сақталуын қамтамасыз ету
- Жұмыскерлердің құқықтарын сақтау
- Паракват (гербицид) пайдалануға тыйым салу
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жүргізу
Какао
Nutella® құрамында пайдаланылатын какао негізінен Кот-д'Ивуар мен Гана жағалауында өсіріледі. Ferrero компаниясы какао ұнтағын тікелей өзінің фабрикаларында өндіру үшін шикі какао бұршағын өңдейді.
Nutella® өндіру үшін сатып алынатын какаоның бүкіл көлемі Rainforest Alliance (Тропиктік Ормандар Альянсы) стандарттары бойынша сертификатталған плантациялардан жеткізіледі, осының арқасында біз фермерлер мен олардың отбасыларының өмір сүру жағдайын жақсартамыз, сондай-ақ табиғи ресурстар мен биологиялық әртүрлілікті сақтаймыз. Сонымен қатар, біздің барлық фермерлік шаруашылықтарымызды GPS арқылы қадағалауға болады, бұл бүкіл жеткізу тізбегіндегі толық ашықтықты қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде орманды заңсыз кесуді бақылауға мүмкіндік береді және какао бұршағын қорғалатын аумақтардан сатып алмауымызға кепілдік береді. Ferrero компаниясы сонымен қатар индустрия өкілдерінің және Гана мен Кот-д’Ивуар үкіметтерінің орманды кесуді тоқтату және орман аумақтарын қалпына келтіру мақсатындағы ынтымақтастығын қамтамасыз ететін Cocoa and Forest Initiative (CFI) конвенциясының негізін қалаушылардың бірі болып табылады.
Іскерлік әдеп кодексіне сәйкес, Ferrero балалар еңбегін, әсіресе оның ең ауыр түрлерін, мәжбүрлі еңбекті, сондай-ақ құлдық пен түрмедегі адамдар еңбегін пайдаланудың барлық түрлерін тамырымен жоюға үлес қосуға берік ниетін растайды. Ferrero Іскерлік әдеп кодексі ХЕҰ Жұмысқа қабылдаудың ең төменгі жасы туралы № 138 Конвенциясына, сондай-ақ ХЕҰ Балалар еңбегінің ең ауыр түрлері туралы №182 Конвенциясына негізделген. Ferrero компаниясы оның жеткізушілерінің жоғарыда аталған Кодекстің қағидаларын сақтайтынына кепілдік береді.
Орман жаңғағы
Nutella® құрамында пайдаланылатын орман жаңғағы негізінен Түркия, Италия, Чили мен АҚШ-та өседі.
Бұл елдерде егін жинау тамыз айының басынан қыркүйектің соңына дейін жүреді. Орман жаңғағының сапасы мен балғындығын қамтамасыз ету үшін ол сондай-ақ Оңтүстік жарты шардағы елдерде де өсіріледі, бұл ақпаннан наурызға дейінгі кезеңде қосымша өнім болатынына кепілдік береді.
Nutella® пастасы 13% орман жаңғағынан тұрады, демек, егер мысалы, көлемі 750 г Nutella® құтысында шамамен 97 орман жаңғағы бар.
Сүт
Иә, Nutella® пастасының құрамында майсыздандырылған құрғақ сүт бар, оның сапасы негізінен ол алынатын жаңа сүттің сапасына байланысты. Nutella® дайындау үшін қажет сүтті біз ұзақ жылдар бойы ынтымақтастық жасап келе жатқан сенімді және мұқият іріктелген өндірушілер ғана жеткізеді.
Басқа шоколад және кондитерлік өнімдер сияқты, Nutella® құрамында құрғақ сүтті пайдалану технологиялық себептермен түсіндіріледі. Біздің пастамыздың рецептісінде су жоқ болғандықтан, біз оған крем тәрізді консистенция беру үшін құрғақ сүтті пайдаланамыз.