Certified Cocoaground Tree | Nutella

КАКАО

Nutella® жасау үшін пайдаланылатын какао Rainforest Alliance стандарттары бойынша сертификатталған плантациялардан алынады.

Какао өсіретін фермерлер бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаға тап болып отырады. Сондықтан 2011 жылы Ferrero компаниясы фермерлердің тұрмыс жағдайын жақсарту және олардың экологиялық қауіпсіз тәжірибелерді енгізуіне көмектесу үшін өзіне 100% сертификатталған какао бұршағы жеткізілімін қамтамасыз етуге міндеттеме алды. Какаоны Rainforest Alliance™ сертификаттаған плантациялардан алу арқылы біз фермерлер мен олардың отбасыларының тұрмыс жағдайын жақсартуға, сондай-ақ табиғи ресурстар мен биоалуантүрлілікті сақтауға көмектесеміз (көбірек білу үшін мына сайтты қараңыз: www.ra.org). Ferrero компаниясының жауапты және саналы дамуға деген көзқарасы сертификаттау мен ашықтықтан басталады, бірақ қоршаған ортаға оң әсерімізді күшейту үшін біз сонымен қатар сертификаттау шеңберінен тыс шығамыз.

Cocoa Beans Bowl | Nutella

Фермерлерді қолдау

Әлемдегі какаоның басым бөлігін ұсақ фермерлер өндіреді, олардың көпшілігі Кот-д'Ивуар мен Ганада тұрады, негізінен біз өзіміздің какаоны осы жерден сатып аламыз. Әлемдік какао өндірісінің 60%-дан астамы осы екі елдің үлесіне тиесілі. Мұнда фермерлер ресурсқа қолжетімділіктің жоқтығы, ауыл шаруашылығын жүргізудің озық тәжірибесі туралы білімнің шектеулі болуы және климаттың өзгеруі сияқты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық проблемаларға тап болады

Nutella Map
Supporting Cocoa Farmers | Nutella

Ferrero Farming Values Cocoa Programme бағдарламасы арқылы біз фермерлерге какао өнімділігін арттыруға және табысын әртараптандыруға бағытталған тұрақты және қауіпсіз ауыл шаруашылығын жүргізу тәжірибесін үйренуге қолдау көрсетуге ұмтыламыз. Бұл өз кезегінде олардың тұрмыс жағдайы мен қоғамдастықтарының тұрмысын жақсартуға септігін тигізеді. Біз сондай-ақ Жеке Даму Жоспарлары арқылы оң өзгеріске қол жеткізу үшін фермерлерге жеке қолдау көрсетуді бағытында ілгерілеп жатырмыз.

bitmap-copy-52x

Білім – күш

Бұған сеніміміз кәміл. Дәл осы себептен біз фермерлік егістік мектептерінде фермерлерге ауылшаруашылық, әлеуметтік және экологиялық тәжірибе бойынша оқу өткіземіз. Біз фермерлерге көшет, тыңайтқыш және қаржыға қолжетімділік беру арқылы егінін ғана емес, тұрмысын да жақсарту үшін осы білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береміз. 2018 жылдың қыркүйегі мен 2019 жылдың тамызы аралығында біз 90 000 астам фермерді оқытып, 1,6 миллион какао көшетін бердік.

Фермерлерге сөз береміз

Бұрын жылына 450 килограмм какао өндіретінмін. Қазір жеріме ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа әдістерін қолдана бастағаннан кейін көбірек өнім өсіріп жатырмын. Білім алуымның арқасында егінді 2 еседен астамға арттырдым, бұл маған осы жылдың өзінде ғана >300 000 франк КФА қосымша пайда әкелді

bitmap-copy-72x

дейді  Ferrero серіктесі — ECOOKIM ұйымдастырған бейіндік тренингке қатысқан көптеген какао өндірушінің бірі Момбойе Селестин.

ECOOKIM — Кот-Д'Ивуардағы какао өндіруші 22 500 фермерге өкілдік ететін бірлестік. 2018 жылдың қыркүйегінен бастап 2019 жылдың тамызына дейін біз оның тоғыз кооперативінен какао бұршағын сатып алдық, ал оның 12 500-ден астам фермері Фермерлік Егістік Мектептерімізде оқудан өтті. Біздің күш-жігеріміздің арқасында бұл өндірушілер какао өнімі мен табысын айтарлықтай арттырды.

Балалар құқығын қорғау

Ferrero компаниясы балалар құқығын қорғау қозғалысын қолдайды. Біздің какао жеткізілімі тізбегіне қатысы бар балалар үшін бұл балалар еңбегімен күрес, сондай-ақ білім алуға оңай қол жеткізу және таза су мен құнарлы тағам сияқты негізгі қажеттілікті қанағаттандыруды білдіреді. Біз фермерлерді балалар құқығынан хабардар етеміз және балалар еңбегін пайдалану жағдайларын анықтап, жоятын  CLMRS (Балалар еңбегіне мониторинг жасау және қорғау жүйесі) енгіземіз. Қорғау шаралары балалар мен ата-аналарға жеке қолдау көрсетуден бастап қоғамдастықтағы барлық балаларға бағытталған кең ауқымды даму бағдарламаларына дейін түрленуі мүмкін. Мұндай бағдарламалар балаларды қорғауға, білім беру инфрақұрылымын нығайтуға және әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейтуге ықпал ететін тетіктерді енгізеді.

International Cocoa Initiative Logo | Nutella

Біз өзіміздің жеткізілім тізбегінен тыс шығатын бастамаларды белсенді түрде қолдаймыз. Мысалы, 2008 жылдан бері біз балалардың жақсы болашағын қамтамасыз ету және балалар еңбегін жою үшін нарықтағы аса ірі ойыншыларды біріктіретін International Cocoa Initiative платформасының бір бөлігі болып табыламыз.

Cocoa Forests Initiative Logo | Nutella

Алға қарай жылжимыз

2011 жылы Ferrero компаниясы сатып алынатын барлық какао бұршағын сертификаттауды қамтамасыз ету бойынша өзіне қатаң міндеттеме алып, осы жылдар ішінде сертификаттаудан тыс түрлі шараларды жүзеге асырды. Бұған қоса, біз орман кесуді тоқтатуға және экологиялық қауіпсіз какао өндірісін ілгерілетуге бағытталған Cocoa & Forests Initiative (2017) маңызды ұжымдық келісіміне қатысушымыз.

Біз бұл бастаманы келіскен World Cocoa Foundation ұйымына  2005 жылдан бері мүшеміз.

nutella-cocoa2x

Орман шаруашылығына қолдау көрсетуді үнемі арттырамыз

Біз какао өндіруші фермерлерді шаруашылығын әртараптандыруға: какао ағаштарымен қатар жеміс-жидек, көкөніс және орман ағаштарын отырғызуға үндейміз. Бұл жас какао ағаштарына көлеңке береді, сонымен қатар үйде тұтынуға немесе жергілікті нарықта сатуға арналған өнімді қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелер қоршаған ортаны және биоалуантүрлілікті қорғауға айтарлықтай үлес қосады.

2018 жылдың қыркүйегі мен 2019 жылдың тамызы аралығында Ferrero компаниясы 15 000 га астам орман какао шаруашылықтарын дамытуға септігін тигізді, ал 2022 жылға қарай біз осында агрожүйелерлі дамыту бағдарламалары шеңберінде 2,9 миллион ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз.

bitmap-copy-6@2x

Сіз білдіңіз бе?

Агроорман шаруашылығы  — ресурстарды басқарудың серпінді және экологиялық жүйесі, ол ағаштарды фермаларға интеграциялаудың есебінен өндіріс процесіне алуантүрлілік әкеледі – мұның өзі әлеуметтік, экономикалық және экологиялық пайданы арттырады. Агроорман шаруашылығы шағын фермер қожалықтары үшін маңызды, себебі ол фермерлерге азық-түлік қорын қамтамасыз етіп, табысы пен денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Агроорман шаруашылығы сонымен қатар климаттың өзгеруімен күресуге көмектеседі.

Cocoa Farming Plants | Nutella

Тұрақты даму бағдарламамызды күшейту

Біз алға жылжып келеміз және тұрақты какао өндірісі жөніндегі бағдарламамызды нығайтуды жалғастырып жатырмыз, ұзақ мерзімді болашақта ол какаоның құн тізбегін жақсартатды. Біздің жұмысымыз бір-бірімен етене байланысты және бірін-бірі толықтыратын үш өсиетке негізделген:

1. Фермерлер мен қоғамдастықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту

2. Балалар құқығын қорғау

3. Табиғи ресурстарды сақтау

Бағдарламаның негізгі қағидасы – Nutella® құрамына кіретін какао жеткізілімін оны өндіруші фермерлерге дейін толық қадағалау мүмкіндігі.

Ұнайды ма? Бөлісіңіз!