Ингредиенттер
Nutella®
құрамындағы қант
Nutella® өндірісінде біз пайдаланатын қант – негізінен сахароза. Ол қызылша қантынан және/немесе тазартылған құрақ қантынан алынады.
Біздің қант қызылша мен қант құрағынан жасалған
Біз сатып алатын қант шамамен былайынша бөлінеді: 80% қызылша қанты және 20% тазартылған құрақ қанты. Біз қызылша қантын негізінен еуропалық өндірушілерден аламыз, ал құрақ қанты Еуропадан тыс жерлерден сатып алынады. Біздің қантты қайдан сатып алатынымыз туралы осы жерден көбірек біліңіз.
Біздің қанттың сапасы
Біз Nutella® өндіру үшін қантты кристалдық пішінде ғана сатып аламыз. Жеткізушілеріміздің өндірістік процесін үнемі қадағалап отырумен қатар, шикізат біздің фабрикаларға келген кезде оған терең талдау жасаймыз. Оның физикалық және химиялық қасиеттерін мұқият бағалаймыз, өйткені сапа барлық жағынан және барлық деңгейде сақталуы керек деп сенеміз.
Сенімге негізделген
қарым-қатынас
Біз жеткізушілерімізбен берік, сенімді қарым-қатынасымызды сақтаймыз. Олардың кейбірімен міне 40 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Осылайша, Nutella® өндірісінде пайдаланылатын қант әрқашан Ferrero компаниясының сапа стандартының жоғары талабына сәйкес келетініне кепілдік бере аламыз.