Ингредиенттер
Nutella®
құрамындағы какао
Nutella® өндірісінде пайдаланылатын какао жасау үшін біз шикі какао бұршағын ғана сатып аламыз, осы орайда оны тікелей өсірілген елде мұқият іріктеп аламыз.
Тәжірибеміздің дамуы
Ұзақ жылдар ішінде біз Nutella® пастасының ерекше хош иісі мен бірегей дәміне кепілдік беру үшін какао бұршағын өңдеу бойынша өзіміздің ноу-хауды жүйелі түрде жетілдіріп, мол тәжірибе жинақтадық.
Nutella® құрамындағы какаоның бірегей хош иісі
Бізді бірегей ететін нәрсе: біз Nutella® патасының бірегей дәмін келтіруге мүмкіндік беретін теңдесі жоқ какао қоспасын жасадық.
Тек ең жақсы какао бұршағы
Біз мұқият іріктеп алатын какао бұршағы негізінен Батыс Африкадан келеді. Біздің какао жеткізілімі туралы толығырақ осы жерден біліңіз.
Шикізаттың барынша жоғары сапалы болуын қамтамасыз ету үшін біз қазан-ақпан айларында жиналған негізгі өнімнен ғана какао жемісін сатып аламыз. Содан кейін піскен жеміс ашылып, ішінен какао бұршағы алынады. Оны әрі қарай ферменттеу үшін үлкен үйінді түрінде қалдырып, ең дұрысы, үстін банан жапырағымен жабады. Бұл процесс шамамен бір аптаға жалғасады және бұл өте маңызды кезең, өйткені дәл осы кезде какаоның хош иісті қасиеттері ашылады.
Какао бұршағынан какао ұнтағына дейін
Біздің фабрикаларда жүзеге асырылатын көп сатылы өңдеу процесі арқылы өзіміз какао бұршағын какао ұнтағына айналдырамыз.
1-КЕЗЕҢ
Кептіру және қабығын аршу
Біз кептіру кезеңінен бастаймыз, содан кейін қабығын аршимыз: бұршақ қабығын аршитын үлкен машиналарға салынады да, онда жеуге жарамды бөлігі (ядросы) жеміс жұмсағынан бөліп алынады.
2-КЕЗЕҢ
Қуыру
Ұнтақталған бұршақ какаоның табиғи қышқылдығын азайту үшін өңделеді, содан кейін оның түсі мен хош иісін күшейту үшін қуырылады.
3-КЕЗЕҢ
Үгіту
Бұршақты ұнтақтап, какао массасын аламыз, содан кейін одан какао майы мен какао күнжарасы алынады.
4-КЕЗЕҢ
Ұнтаққа айналдыру
Ақырында, какао күнжарасын алғаннан кейін, Nutella® дайындауда пайдаланатын какао ұнтағы шығады.
Nutella® өндіру
үшін 100% сертификатталған какао алу
2020 жылдың соңына қарай Nutella® өндірісінде пайдаланылатын какаоның 100%-ы Rainforest Alliance Certified™ және UTZ стандарты бойынша сертификатталған плантациялардан жеткізілетін болады. Біз ингредиент жеткізушілерді жауапкершілікпен таңдау қағидасын ұстанамыз және какао алатын какао фермаларын сертификаттау үшін 2013 жылдан бері сертификаттау жөніндегі бірнеше ұйымымен жұмыс істейміз.