Milk Bowlground | Nutella
Milk | Nutella

Ингредиенттер

Nutella® құрамындағы
сүт

Біз жеткізілімнің әр кезеңін: фермадан бастап Nutella® құтысына дейін бақылауымыздың арқасында сүттің сапасына сенімдіміз.

Cows Livestock | Nutella

Қысқа және бақыланатын жеткізілім тізбегі

Nutella® құрамындағы сүтті мұқият іріктелген және біз ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан сенімді жеткізушілер әкеледі. Біз сондай-ақ заңда көзделгеннен де қатаң бақылау жүйелерін енгізіп, сүттің сапасы одан да жоғары болуын қамтамасыз ету үшін қосымша тексеру жүргіземіз.

Сұйық сүттен құрғақ
сүтке дейін

Мінсіз Nutella® рецептінде майсыздандырылған сүтті пайдаланамыз. Сүт сапарына аттаныңыз!

Milk Skimming Step 1ground | Nutella

1-ҚАДАМ

Майсыздандыру

Сүтті алғаннан кейін оның сапасын сақтау үшін мүмкіндігінше тезірек 4°С-тан төмен температураға дейін салқындатып, осындай қалпында сүт зауытына жіберу керек. Онда ол физикалық-химиялық және микробиологиялық талдаудан өтеді. Содан кейін одан кілегей бөлініп алынады – осылайша майсыздандырылған сүт алынады.

Салқындату
Skimmed Milk Bowl | Nutella
Milk Pasteurization Step 2ground | Nutella

2-ҚАДАМ

Пастерлеу

Сүттің микробиологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін оны пастерлейді – супермаркеттің тоңазытылған витринасында сатылатын сүт те осы процестен өтеді. Зиянды бактерияны жою үшін сүтті 72°C температурада 15 секунд қыздырады да, дереу салқындатады.

Пастерленген сүт
Pasteurized Milk Bottle | Nutella
Milk Drying Step 3ground | Nutella

3-ҚАДАМ

Құрғату

Сүтті «құрғату» үшін алдымен оның концентрациясын арттырып, суын кетіру керек. Ыстық ауа арнайы Spray-dry технологиясының көмегімен судың толық булануын қамтамасыз етеді.

Құрғақ сүт
Dried Milk Spoon | Nutella
Milk Quality Bottle Bowl | Nutella

Сапа мен балғындық

Біздегі сапа және қауіпсіздік стандарттарын сақтау мақсатында бүкіл алынған шикізатты тексеру үшін қосымша физикалық-химиялық және микробиологиялық талдау жүргіземіз. 
Сонымен қатар, арнайы команда біздің сүттің түсі, дәмі мен иісі біздегі сапа талаптарына сәйкес екендігіне көз жеткізу үшін тұрақты түрде сүттің дәмін татады. 
Осындай үздіксіз мониторинг Ferrero компаниясының орталық және жергілікті бөлімшелерінде қазіргі заманғы сипаттамалық сенсорлық талдау әдістері пайдаланылып жүзеге асырылады.

Қызықты факт

Құрғақ сүттің сапасы негізінен өңдеуден өтетін жаңа сүттің сапасына байланысты.

 

Farmers Cowsground Landscape | Nutella

100% қадағалау мүмкіндігі

Ұзақ жылдар бойы біз мұқият іріктелген сүт өндірушілермен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты дамытып, үзбейміз. Бұл қарым-қатынас біздің қысқа және бақыланатын жеткізілім тізбегінің мықты жағы болып табылады. Біз сүтті қатаң стандартқа сәйкес іріктелген өндірушілерден тікелей алатындықтан, оны бүкіл әлем бойынша түпкі фермадан бастап 100% қадағалай аламыз. Оның үстіне, біз жануарларды қорғау стандарттарын біртіндеп жақсарту процесін қолдаймыз.

Discover Sustainability | Nutella
Sustainability | Nutella

Тұрақты даму бойынша біздің
міндеттемелеріміз туралы көбірек білу

Ұнайды ма? Бөлісіңіз!