Nutella®-ның босаған құтысынан жасалған гүлді шам қойғыш
Үйіңізді безендіретін тың ойлар іздеп жүрсіз бе? Жарықдиодты шам мен кішкене шабыттың көмегімен гүлді шам қойғыш жасап тамаша ахуал орнатасыз. Сізге шам қойғыш ретінде пайдаланылатын Nutella®-ның босаған құтысы, жарықдиодты шам және көптеген түрлі-түсті гүл керек болады.
СІЗГЕ КЕРЕК БОЛАТЫНЫ
-
1 үлкен Nutella® құтысы
-
Жапырақ немесе гүл
-
Гүл баспақ немесе кітаптар
-
Декупаж желімі
-
Қылқалам
-
Жарықдиодты шам
-
Құм
ЖАСАУ ТӘСІЛІ
-
STEP 1Гүлдерді немесе жапырақтарды толығымен құрғағанша баспаққа салыңыз. Бұған бірнеше күн кетуі мүмкін.
Баспаққа балама ретінде кітаптарды пайдалануға болады.
-
STEP 2Гүлдерді желімдейтін жерлерге аздап декупаж желімін жағыңыз. Гүлдердің өлшемін үлгі ретінде пайдаланыңыз.
-
STEP 3Гүлдерді құтыға бір-бірлеп бекітіп, үстінен қылқаламмен желім жағыңыз.
Кеңес: Гүлдеріңіз тегіс болуы және қыртыстанбауы үшін желімді гүлдің ортасынан бастап жағыңыз.
-
STEP 4Құтының түбіне құм салыңыз, содан кейін ішіне жарықдиодты шамды орнатыңыз. Өзіңіз жасаған гүлді шам қойғыш дайын!
