Таңқурай, маскарпоне және Nutella® қосылған құймақ
Ингредиенттер
-
1+1/2 стақан бидай ұны
-
2 жұмыртқа
-
1 стақан сүт
-
1 стақан газдалған су
-
Бір шымшым тұз
-
Таңқурай (мөлшері қалауыңызша)
-
Маскарпоне ірімшігі (бір құймаққа 1 ас қасық)
-
Nutella® (15 г/порция)
Бұл рецепт бойынша тағам дайындау үшін бір порцияға
15 г Nutella® жеткілікті.
ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ
-
Биік ыдысқа ұн салыңыз, оған сүт, газдалған су, жұмыртқа және бір шымшым тұз қосыңыз.
Қамыр біркелкі болғанша бір минут араластырыңыз. -
Құймақты түбі күймейтін табада екі жағын қызартып қуырыңыз.
-
Әрбір құймаққа маскарпоне жағыңыз. Оны шағын конверт етіп бүктеңіз — алдымен екі қарама-қарсы шетін бүктеңіз, содан кейін алынған тіктөртбұрышты бүктеңіз. Қасық немесе кондитер қапшығын пайдаланып, құймақты Nutella® және таңқураймен безендіріңіз.
Өзіңіз дайындаған тағамның фотосуретін #NutellaРецептілері хештегімен Instagram немесе Vkontakte желісінде бөлісіңіз. Жақындарыңызбен бірге Nutella® қосылған рецепт бойынша әзірленген тағамнан рақат алыңыз.
