Background pdf
Рецепт

Құлпынай және Nutella® қосылған йогуртты панкейк

Оңай
20 min
Йогуртовые панкейки с клубникой и Nutella®

Ингредиенттер

  • 1+1/2 стақан бидай ұны

  • 2 жұмыртқа

  • 3/4 стақан қоспасыз йогурт

  • 1/2 шай қасық сода

  • 1/2 шай қасық қопсытқыш

  • 1 ас қасық аспаздық (ұсақ) қант

  • 1 шай қасық ваниль сығындысы/15 г ванильді қант/0,5 г ванилин

  • Құлпынай (мөлшері қалауыңызша)

  • Nutella® (15 г/порция)

nutella – an ingredient to prepare this delicious recipe

Бұл рецепт бойынша тағам дайындау үшін бір порцияға
15 г Nutella® жеткілікті.

ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

  1. Үлкен табаққа ұн, ас содасын, қопсытқыш пен қант салып, араластырыңыз. Жұмыртқаны көпіршітіп, йогуртпен бірге құрғақ ингредиенттерге қосып, араластырыңыз.

  2. Түбі күймейтін қыздырылған құрғақ табаға қамырды аз-аздан салып, фотосуретте көрсетілгендей шағын панкейк жасаңыз да, орташа отқа екі жағын қызартып қуырыңыз.

  3. Екі немесе үш шағын панкейкті бір-бірінің үстіне қойып, Nutella® және құлпынай тілімдерімен безендіріңіз.

Жақындарыңызбен бірге Nutella®

Өзіңіз дайындаған тағамның фотосуретін #NutellaРецептілері хештегімен Instagram немесе Vkontakte желісінде бөлісіңіз. Жақындарыңызбен бірге Nutella® қосылған рецепт бойынша әзірленген тағамнан рақат алыңыз. 

recipe-1
Good to know

Our palm oil is 100% RSPO certified sustainable and traceable and we are committed to no deforestation.

recipe-2
Good to know

All the cocoa we buy comes from Rainforest Alliance Certified farms.

product-1
Good to know

Uhm, while preparing this recipe did you finish your Nutella® jar? You can upcycle it!

Ұнайды ма? Бөлісіңіз!