Nutella®

ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

Соңғы жаңартылуы: 2015 жылғы 6 мамыр


 

Осы интернет-сайт Ферреро тобының меншігі болып табылады. Ол Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, адамдардың белгіленбеген қатарына арналған және Ферреро тобына кіретін компаниялар өндіретін тауарларға, пайдаланылатын және Ферреро тобына тиесілі дараландыру құралдарына, сондай-ақ Ферреро тобының өзіне және оған кіретін компанияларға, оларға тиесілі зияткерлік қызметтің нәтижелеріне, сондай-ақ олар өткізетін іс-шараларға назар аударуға, оған қызығушылық туғызуға және қаоыпта сақтауға бағытталған ақпаратты тарату мақсатымен ғана құрылған және қызмет етеді.

Осы сайтта қашықтан өнім сату жүзеге асырылмайды, осы интернет-сайтта жарияланған ешбір ақпарат Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасына сәйкес оферта болып табылмайды.
Осы интернет-сайтқа кіру шектелмейді. Осы интернет-сайтқа кіру арқылы Сіз осы интернет-сайтта қамтылған ақпаратты алуға келісетіңізді растайсыз және Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес осы интернет-сайттан шығу арқылы аталған ақпараттың Сізге таратылуын дереу тоқтатуға құқығыңыз бар.

Осы интернет-сайт мерзімді ақпарат таратуға арналмаған. Осы интернет-сайтты пайдалана отырып ақпарат тарату, сондай-ақ осы интернет-сайт арқылы таратылатын ақпаратты жою және өзгерту Ферреро тобының құқығы болып табылады және Ферреро тобы мұны қажет болуына қарай кез келген уақытта - толық немесе ішінара, Сізді интернет-сайтқа кіруші ретінде хабардар ету міндеттемесінсіз жүзеге асыра алады.
Ферреро тобының компанияларына тиесілі және осы интернет-сайтта пайдаланылатын зияткерлік қызметтің нәтижелері және Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасына сәйкес заңды тұлғаларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және кәсіпорындарды дараландыру құралдарымен оларға теңестірілген, құқықтық қорғау жасалатын нәтижелер Ферреро тобының осындай компанияларының меншігі болып табылады және осы интернет-сайтта олардың келісімімен пайдаланылады. Сол сияқты, осы интернет-сайтта үшінші тұлғаларға тиесілі зияткерлік қызметтің нәтижелері және Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасына сәйкес заңды тұлғаларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және кәсіпорындарды дараландыру құралдарымен оларға теңестірілген, құқықтық қорғау жасалатын нәтижелер олардың тиісті авторлары мен заңды иелерінің келісімімен пайдаланады. Осы интернет-сайтта тұрған қандай да бір ақпаратты (жалпының қолы жететін ақпаратты қоспағанда), кесіндерді, логотиптерді, графикалық немесе мәтіндік элементтерді, басқа материалдарды көшіруге Ферреро тобының келісімімен ғана (Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасына сәйкес мұндай келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) және дереккөз ретінде осы интернет-сайтқа міндетті түрде сілтеме жасалуы шартымен жол беріледі.
Осы интернет-сайтта тікелей немесе жанама түрде анықталған немесе анықталатын осы интернет-сайтқа кірушіге қатысты ақпаратты (осы интернет-сайтқа кірушілердің дербес деректерін) автоматтандырылған жолмен өңдеу бойынша бірқатар әрекеттер (операциялар) жүзеге асырылады. Бұл орайда осы интернет-сайтта ешбір жағдайда заңда қарастырылған дербес деректердің арнайы санаттары өңделмейді. Осы интернет-сайтқа кіру арқылы Сіз дербес деректеріңізді өңдеуге, сондай-ақ дербес деректеріңізді үшінші тұлғаларға ашуға, дербес деректеріңізді таратуға, сондай-ақ трансшекаралық табыстауға келісіміңізді растайсыз. Сондай-ақ осы интернет-сайтқа кіру арқылы Сіз осындай дербес деректердің субъектісі екеніңізді растайсыз.
Ферреро тобы осы интернет-сайтты пайдалана отырып, дербес деректерді осындай өңдеу заңды және әділ негізде жүзеге асырылатынына және нақты, алдын ала белгіленген - осы интернет-сайтта көрсетілген, сол сияқты көрсетілмеген, бірақ оның дұрыс жұмыс істеуі үшін техникалық жағынан қажетті және заңды мақсаттарға жетумен шектелетініне кепілдік береді. Ферреро тобы осы интернет-сайтта дербес деректерді өңдеу кезінде Сіздің дербес деректеріңізді оларға рұқсатсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, Сіздің дербес деректеріңізді жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, ұсынудан, таратудан, сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізге қатысты басқа да заңсыз әрекеттерден қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады (қолдануды қамтамасыз етеді).

Осы интернет-сайтта өңдеудің осындай мақсаттарына сәйкес келетін дербес деректер, олардың мазмұны мен көлемі ғана өңделеді. Ферреро тобы осы интернет-сайтта өңделетін дербес деректердің оларды өңдеудің осы интернет-сайтта көрсетілген, сол сияқты көрсетілмеген, бірақ оның дұрыс жұмыс істеуі үшін техникалық жағынан қажетті мақсаттарына қатысты шамадан тыс емес екендігіне кепілдік береді. Осы интернет-сайтта дербес деректерді өңдеу кезінде дербес деректердің дәлдігі, жеткіліктілігі және қажет болған жағдайда дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қатысты өзектілігі қамтамасыз етіледі.

Қажет болған жағдайда, Ферреро тобы толық емес немесе дәл емес деректерді жою немесе түзету үшін қажетті шараларды қолдану немесе қолдануды қамтамасыз ету құқығын өзіне қалдырады. Осы интернет-сайтта өңделетін дербес деректерді сақтау дербес деректер субъектісін анықтауға мүмкіндік беретін нысанда жүзеге асырылады, бірақ бұл дербес деректерді өңдеу мақсатында қажет етілетіннен ұзақ болмайды. Осы интернет-сайтта өңделген дербес деректер өңдеу мақсаттарына қол жеткізгеннен кейін немесе осы мақсаттарға жету қажет болмай қалған жағдайда жойылады немесе иесіздендіріледі болады.

Сіздің төменде көрсетілген мекенжайға тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы дербес деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді қайтарып алуға құқығыңыз бар. Сондай-ақ, Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге қатысты заңда көзделген ақпаратты алу үшін, сондай-ақ дербес деректеріңіз толық емес, ескірген, дәл емес, заңсыз алынған немесе Сіздің пікіріңізше, өңдеудің мәлімделген мақсаты үшін қажет болмаған жағдайда дербес деректеріңізді нақтылауды, бұғаттау немесе жоюды сұрап немесе талап етіп төменде көрсетілген мекенжайға хабарласуға құқығыңыз бар. Ферреро тобы заңда көзделген тәртіппен Сіздің өтінішіңізді міндетті түрде қарайды.

Сіздің осы интернет-сайтқа және онда орналастырылған ақпаратқа қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі мекенжайға: «Ферреро Руссия» ЖАҚ, Ресей Федерациясы, 601211, Владимир облысы, Собинский ауданы, Ворша ауылы, «Ферреро» кондитерлік фабрикасы немесе Ферреро тұтынушылар желісіне 8 800 7007 600 телефоны бойынша хабарласуыңызға болады (Ресейдің кез келген жерінен қоңырау шалу тегін). Дербес деректерді өңдеу операторларының тізіліміндегі тіркеу нөмірі: 11-0216383, тізілімге енгізілген күні: 10.08.2011 ж.
Ұнайды ма? Бөлісіңіз!