Өзіңіз жасаңыз
Nutella® сыйлық құтысы
Туған күн болсын, ерекше жағдай болсын, сыйлық орауыштан, ал біздің жағдайымызда құтыдан басталады! Өзіңіз жақсы көретін адамды бірегей идеямен таң қалдырыңыз: бос Nutella® құтысын безендіріп, сыйлығыңызды дара және бірегей етіңіз.
Оңай
СІЗГЕ КЕРЕК БОЛАТЫНЫ
-
1 бос Nutella ® құтысы
-
Өзіңіз тағбаған сыйлық
-
Жиһаздың тұтқасы
-
Супержелім
-
Өздігінен жабысатын сәндік таспалар
-
Арқан жіп немесе арқан
-
Қайшы
-
Тілегіңіз жазылған шағын хат
ЖАСАУ ТӘСІЛІ
-
STEP 1Nutella® құтысының қақпағына жиһаздың тұтқасын жабыстырыңыз.
-
STEP 2Құтыны өздігінен жабысатын сәндік таспамен безендіріңіз. Қаласаңыз, таспаның бір немесе бірнеше қатарын пайдалансаңыз болады.
-
STEP 3Енді сыйлығыңызды құтыға салып, қақпағын бұрап жабыңыз.
-
STEP 4Қақпақты жіппен немесе таспамен орап байлап, тілегіңіз жазылған шағын хатты бекітіңіз.
