Nutella® Қарлы Шары
Сізге Nutella® қосып жаңа жылдық дәмді тағам әзірлеу ұнайды ма? Сүйікті тағамдарыңызды дайындап болғаннан кейін, Nutella®-ның босаған құтысын тастамаңыз. Неліктен мұның орнына оны бірегей сыйлыққа айналдырмасқа? Құтыны жуыңыз да, үш қадам жасап она сыйлыққа немесе үйіңізді безендіруге болатын керемет жаңажылдық әшекейге айналдырыңыз.
СІЗГЕ КЕРЕК БОЛАТЫНЫ
-
1 үлкен таза Nutella® құтысы (750 г)
-
Биіктігі шамамен 12 см 1 кішкентай жаңажылдық шырша
-
Су өткізбейтін желім
-
5 г жасанды қар
-
1 шай қасық глицерин
-
Сәндік жабысқақ немесе кәдімгі таспа
-
750 мл су
ЖАСАУ ТӘСІЛІ
-
STEP 1Қақпақтағы ендірме дискісін алыңыз. Қақпақты жабысқақ немесе сәндік таспамен безендіріңіз. Құтының аузына бантик байлаңыз.
-
STEP 2Су өткізбейтін желімді пайдаланып қақпақтың ортасына кішкентай шыршаны жабыстырып, кептіріп қойыңыз.
-
STEP 3Құтыны жиегінен 2 см төмен деңгейге дейін суға толтырыңыз. 5 г жасанды қар және 1 шай қасық глицерин қосыңыз. Глицерин жасанды қардың тым тез төмен түсуін болдырмайды және әдемі жауып жатқан қар үлпегінің көрінісін жасайды. Қақпағын мықтап бұрағанан кейін, құтыны қақпағын төмен қаратып төңкеріңіз.
Өзіңіз жасаған Nutella® қарлы шары дайын!
Ал енді оны шайқап көріңіз. Құтыдағы судың төгілмеуі үшін қақпағының тығыз жабылғанына көз жеткізіңіз.
Маңызды: егер жасалған бұйым ұзақ уақыт тұрса, ішіндегі сұйықтық тұнбалануы мүмкін. Құтыны сындырып алмас үшін және ішіндегі сұйықтық айналадағының бәрін ластамауы үшін балалардың қарлы шармен бақылаусыз ойнауына рұқсат бермеңіз. Ішіндегісін ішпеңіз.
