Ғашықтығын Nutella®-мен білдіру құтысы
Сүйікті адамыңызды ерекше сыйлықпен таң қалдырыңыз: қақпағына фотосуретіңіз жапсырылған, сүйіспеншілікке толы жолдауы бар өзіңіздің жеке Nutella® құтысын жасаңыз. Бұл Әулие Валентин күнін, мерейтойды, ерекше оқиғаны атап өтудің немесе сүйікті адамыңызды қуантудың тамаша тәсілі.
СІЗГЕ КЕРЕК БОЛАТЫНЫ
-
Қақпағы бар 1 Nutella®-ның босаған құтысы
-
Қызыл бояуы бар баллон
-
Желім-қарындаш
-
Маркер қалапсап
-
Жіңішке таспа
-
Қызыл және ақ картон
-
Жүрек пішінді дайындама
-
Сүйікті фотосуретіңіз
-
Жүрек пішінді қызыл стикер немесе жүректің суретін салуға және қиып алуға болатын өздігінен жабысатын қызыл үлдір
ЖАСАУ ТӘСІЛІ
-
STEP 1Қақпақтан ендірме дискісін алып, бояу баллонымен қызыл түске бояңыз.
Кеңес: Бояуы бар баллонды пайдаланбас бұрын жұмыс аймағын жабуды ұмытпаңыз. Бояу ағып кетпес үшін жұқалап екі қабаттап бояңыз.
-
STEP 2Құтыны жүрек пішіндес стикерлермен безендіріңіз.
Таңдалған фотосуретті қию үшін қақпақтағы ендірме дискісін трафарет ретінде пайдаланыңыз. Содан кейін кескінді ендірме дискісіне желімдеңіз. -
STEP 3Фотосуретіңіз бар ендірме дискісін қақпақтың сыртына жабыстырыңыз. Құтыға салатын жүрекшелерді ақ және қызыл түсті картоннан қалағаныңызша қиып алыңыз.
Құтыға салатын жүрек трафаретін сілтемеден табасыз. -
STEP 4Қағаздан қиылған жүрекшелерге қысқаша арнау жазыңыз да, құтыға бүктеп салыңыз.
-
STEP 5Қағаздан құтыдағы ашық хат ретінде пайдалануға болатын көлемдірек етіп жүрек пішінін қиып алыңыз. Барлығы дайын!
